Жексенбі, 24 Қараша 2024
820 0 пікір 18 Шілде, 2024 сағат 11:26

Жамбыл облысында жаңбырдан 700-ге жуық мал қырылды

Жамбыл облысы Қордай ауданының Бетқайнар ауылдық округінде қатты жаңбыр салдарынан таулы жерлерде сел жүрді. Бұл туралы Abai.kz хабарлайды.

"Жақын маңдағы елді мекендерге қауіп жоқ. Кейінгі мәліметтер бойынша, жеке аула аумақтарын, сонымен қатар тұрғын үйлерді су басу фактілері тіркелген жоқ" – делінген хабарламада.

Алдын ала мәліметтер бойынша, "Береке" шаруа қожалығы аумағынан 671 бас ұсақ мал мен 10 бас жылқы суға кеткен. Бүгін бұл мәселені арнайы комиссия нақтылайды

Ағын су салдарынан "Соғанды-Бетқайнар" автожолындағы көпір бүлінген. Жергілікті атқарушы органдар мен полиция қызметінің күшімен бекеттер қойылып, жол жүру қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар Қордай ауданының бірқатар елді мекендерінде 17 шілде сағат 18.00-ден бастап қатты жел тұрған. Желдің жылдамдығы - 18-20 м/с, екпіні 25 м/с дейін жеткен.

Беріктас ауылында екпіні 43,5 м/с дейінгі қатты жел тіркелді. Қатты жел салдарынан 18 жастағы тұрғынға ескі сарайдың қабырғасы құлаған. Ол аудандық ауруханаға жатқызылды.

Қордай ауданындағы жағдай Жамбыл облысы әкімінің жеке бақылауында.

Сурет: eldala.kz

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5608