Жексенбі, 24 Қараша 2024
738 1 пікір 18 Шілде, 2024 сағат 14:22

Қазақстан Қытайға 75 млн долларға ет экспорттайды

Сурет: saechka.ru

Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрлігі Қытай компанияларымен ет экспорты және мал басын жіберу туралы жаңа келісімдер жасады. Бұл туралы Abai.kz хабарлайды.

Естеріңізде болса, осыған дейін құс тұмауы ауруы салдарынан екі елдің арасында құс еттерін эспорттау тоқталылған болатын. Соның ішінде Қазақстаннан ҚХР-ға құс шаруашылығы өнімдерін жеткізуге салынған тыйым 20 жылға, ал мал шаруашылығы өнімдеріне шектеулер 2 жылға созылды.

Тыйым 2023 жылы Тоқаевтың Қытайға сапарынан кейін алынып тасталды. Жыл бойы Қытай тарапы Қазақстандағы құс тұмауы мен аусылға қатысты баға берді.

Ауыл шаруашылығы министрлігі қытайлық компаниялармен 75 миллион долларлық үш жаңа келісімге қол қойды. Еттің алғашқы партиясы Қытайға маусым айында экспортталды.

2024 жылдың шілдесінде ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің сапарынан кейін ірі қара малды экспорттау үшін ветеринарлық талаптарды келісу туралы хаттамаға қол қойылды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5614