Жексенбі, 24 Қараша 2024
913 4 пікір 18 Шілде, 2024 сағат 15:46

Қазақстан мен Ресей Ертісте ГЭС салу мүмкіндігін талқылауда

Сурет авторы: Михаил Шуклин

Энергетика министрлігі Ертісте жаңа гидроэлектростанция салу жобасын қарастыруда. Бұл туралы Abai.kz ақпараттық порталы хабарлайды.

Ведомство басшысы Алмасадам Сәтқалиев Ертіс каскадының қуатын арттыруға мүмкіндік беретін дербес станция — Шүлбі ГЭС қарсы реттегішін салу туралы айтты.

Жоба алдын ала Семей ГЭС атауын алды (ол бұрын Бұлақ ГЭС ретінде белгілі болған).

"Бұл шекаралас өзен, сондықтан біздің ресейлік әріптестеріміздің тәжірибесін пайдалану ойға қонымды. Алайда, серіктестерді таңдау бойынша түпкілікті шешімдер - "Самұрық-Қазына" қорының тікелей құзыретіне кіреді. Менің ойымша, олар бұл келіссөздерді ресейлік компаниялармен және басқа балама қызмет көрсетушілермен жүргізуі керек. Нәтижесінде мемлекет мүддесіне сүйене отырып шешім қабылдасын", - деп түсіндірді ол брифингте.

Энергетика министрлігінде Ертістегі жаңа гидроэлектростанция негізгі объектіге айналатындығын атап өтті. Алдын ала қуаты — 300 мегаватт, бұл негізгі және ең жоғары жүктемелерді жабуға мүмкіндік береді.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5625