Жексенбі, 24 Қараша 2024
775 0 пікір 18 Шілде, 2024 сағат 17:04

Қазақстандықтар енді букмекерлік кеңселердің жарнамасымен SMS алмайды

Сурет: El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney

2024 жылдың 8 шілдесінде ойын бизнесі және лотерея қызметі туралы заң қабылданды. Бүгін, вице-министрі Мирас Төлебаев заңның негізгі бөлімдері туралы айтып берді. Бұл туралы Abai.kz ақпараттық порталы хабарлайды.

Заң сегіз Кодексте және 14 заңда 150 түзетуді көздейді, 18 норма бойынша реттеушілік әсерге талдау жүргізілді.

"Интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты да осындай норма көзделген. Халықаралық жарыстардың тікелей эфирін жүргізетін спорттық бұқаралық ақпарат құралдары мен спорттық емес жергілікті арналарға ерекше жағдай жасалды. Сонымен қатар, азаматтар букмекерлік кеңселердің жарнамасымен SMS алмайды. Заң бұзушылар үшін әкімшілік жауапкершілікті көздейді", - деді Төлебаев. 

Сондай-ақ, борышкерлердің бірыңғай тізіміне енгізілген адамдарды құмар ойындарға және бәс тігуге мүмкіншілік беруге тыйым салынады. Борышкерлерді, 21 жасқа толмаған қазақстандықтарды және өзін – өзі шектегендерді құмар ойын ойнауға мүмкіншілік бергендерге әкімшілік жауапкершілік енгізіледі - лицензиясы тоқтатыла отырып, бір миллионнан 3,7 миллион теңгеге дейін айыппұл салынады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5625