Сенбі, 19 Сәуір 2025
955 2 пікір 18 Шілде, 2024 сағат 17:08

Сәтқалиев: Қазақстанда жылына бір рет газ бағасы көтеріліп отырады

Сурет: www.epravda.com.ua

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев газ бағасы инфляция дәлізіне байланысты жыл сайын көтеріліп отыратынын айтты.

Себебі, бүгінгі күні тауарлық газды өндіру мен жеткізудің өзіндік құны мың текше метр үшін шамамен 33 мың теңге, ал сату бағасы арзанырақ – 24 мың теңге. Жоспар бойынша, бағалар үш жыл ішінде кезең-кезеңмен өсетін болады.

"Қазіргі таңда тауарлық газды өндіру мен жеткізудің өзіндік құны мың текше метр үшін шамамен 33 мың теңге. Қазіргі уақытта бағалар әлдеқайда төмен, аймаққа байланысты шамамен 24 мың теңге. Биыл 1 шілдеден бастап бағаны 14,8%-ға түзеттік. Кез келген тарифтің көтерілуі инфляция дәлізі шеңберінде, елдегі инфляция деңгейіне әсер ету шеңберінде болуы керек. Бұл параметрлерді экономика министрлігі белгілейді. Бұл параметрлер төменгі шекте белгіленсе, шығынсыздық мақсатына жету үшін бізге әлдеқайда ұзақ кезең қажет болатыны түсінікті", – деді министр.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2036
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4896
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4093