Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3672 0 пікір 18 Қаңтар, 2014 сағат 07:04

Жаңа кітап: Қазақ тарихының тағы бір дереккөзі - «ҚАЗАҚТАР. ТАРИХ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ»

XV–XIX ғасырлардағы қазақтың дәстүрлі қоғамының мәдениеті мен тұрмысын сол кезеңдегі алуан түрлі тарихи иллюстрациялармен кеңінен көрсететін жаңа кітап жарық көрді.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қатар шыққан бұл кітапты құрастырған АБДИ компаниясының ғылыми баспа орталығы.

Кітапта 19 ғасырдағы Еуропа және Ресей фотографтары мен суретшілерінің қолынан шыққан қазақ тұрмыс-тіршілігі туралы сирек кездесетін, тіпті бұрын белгісіз көне фотографиялар мен картиналар, шетелдік картографтар жасаған қазақ жерінің ескі карталары бар. Иллюстрациялардың бас-аяғын қосқанда 1700-ге жетеді. Оның 28-і - сирек кездесетін ескі карта, 751-і - фотография, 650-ге жуығы - көркем полотнолар мен алуан түрлі суреттердің көшірмелері. Әрбірі қазақ тарихының құнды дереккөзі.

Кітап авторлары мен құрастырушылар XVIII–XIX ғасырдағы қазақтың атақты хан-сұлтандарының бұрын жарнияланбаған көркем портретін көпшілікке ұсынып отыр.

1735 жылы суретші Яган Кассельдің қолынан шыққан түрлі-түсті екі картина Треьяков галереясы мен Орыс музейінен табылды. Түрлі зерттеулерден кейін бұл екі суретте бейнеленген адамның бірі Кіші жүз ханы Әбілқайыр, екіншісі оның ұлы Ералы сұлтан екені анықталды. Сондай-ақ В.А. Перовскийдің Хиуа жорығына қатысқан суретші В.И. Штернберг 1839 жылы қарындашпен салған сұлтан Баймұхамед Айшуақовтің портреті алғаш жарияланып отыр. XIX ғасырдың екінші жартысы XX ғасырдың бас кезіндегі орыстың қылқалам шебері С.Ф. Александровский 1883 жылы Мәскеуге, император Александр ІІІ-тің таққа отыру салтанатына қазақ даласының түрлі өңірлерінен арнайы келген билер мен сұлтандарың тұтастай портретін жасап шықты. Кітапта соның 14-і жарық көрді. Арасында сұлтан Ахмет Кенесарин, генерал-майор Мұхамеджан Баймұхамедов, Ғафур Қалбин, т.б. бар. Суретші А.Ф. Чернышев (кітапта қайта жаңғыртылған 19 туындысы бар), А.Н. Горонович (5), Т.Г. Шевченко (29), Бр. Залесский (17) және тағы басқалардың суреттерінен қазақтың көшпенді өмірінің тынысы сезіледі. Қазақтың соғыс өнері А.О. Орловскийдің (12), В.В. Верещагиннің (24), Б.П. Виллевальде және басқа да суретшілердің туындыларынан көрінеді. Ал А. де Барбиш, Бр. Залесский, Ф.Г. Солнцев, М.А. Зичи, Н.Н. Каразин қазақ әйелдерінің тамаша бейнелерін жасады. Аталған суретшілер сол кездегі қазақ рухын қылқаламмен суреттеді.

Кітапта мұнан өзге қазақтың ұлттық ойын-тойы мен биіне қатысты суреттер мен фотографиялар көп.

Этнографтар Н. Байғабатова мен Р.Бекназаров әзірлеген мәтіндерде қазақ этнографиясының ерекшеліктері толығымен сипатталған; салт-дәстүрі, тұрмысы мен шаруашылығы, аңшылығы мен балықшылық кәсібі, сондай-ақ рухани және материалдық мәдениетіне қатысты маңызды мағлұматтар жинақталған. Кітапты «АБДИ» компаниясының баспа бөлімі Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының зерттеушілерімен бірге жасады және аталған институттың ғылыми кеңесінің шешімімен жарық көрді. Кітап тарих, мәдениет пен өнерсүйер қауымға арналған.

Кітаптың тұсаукесеріне арналған баспасөз мәслихаты 20 қаңтар, дүйсенбі, сағат: 11.00 Ұлттық баспасөз клубында өтеді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5570