Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2846 0 пікір 18 Қаңтар, 2014 сағат 07:31

Шахаризат Сейдахметов: «Томпания» финалға шығады деп ешкім ойлаған жоқ»

– Шахаризат, ақтық сынға шыққаның құтты болсын!

– Рахмет! Шынымды айтсам, ақтық мәреге дейін жетем деген ой үш ұйықтасам түсіме кірмеген. Осы жобаға келгенде «Бір тәлімгер бұрылып қараса,  соған да қанағат» деп келіп едім. Бағыма қарай тәлімгерлердің үшеуі де бұрылып, Нұрлан Албанның тобына қосылдым. Әр кезең сайын қанағат қылып, ішімнен шүкіршілік айтумен болдым. Негізі, мен ғана емес, «Томпанияның» финалға шығатынын ешкім күтпеген сияқты.

– Неге Нұрлан Албанды таңдадың?

– Тәлімгерлердің ішіндегі менің бағытыма келетін бірден-бір адам сол кісі. Таңдаудан қателескен жоқпын деп ойлаймын. Қалған үш тәлімгердің біреуін таңдасам, ақтық сынға дейін жетпес пе едім?!

– Финалға шығамын деп ойлаған жоқпын дейсің. Бірақ қазір жеңуді армандап жүрген боларсың?..

– Рас, жеңіске жеткім келеді. Ол менің қомағайлығымнан, қанағатсыздығымнан емес. Бұл жай ғана шығармашылық талпыныс, өзіңнің мүмкіндіктеріңді барынша пайдалану. Ақыры «бастан қан шыққаннан кейін» соңына дейін шабуға тура келіп тұр. «Қазақстан дауысы» деген атауыдан-ақ қазақи рух сезіледі ғой. Көпшіліктің көңілі дәстүрлі әншіге ауып жатса, жеңіске жетуге мүміндігім бар.

– Қарсыластарың жеңіп жатса 5 миллионға анасын Меккеге апаратынын, тағы да басқа жоспарларын айтып жатыр. Сен жоспар жасадың ба?

– Жобаға келгеннен бері аз шығынданған жоқпыз. Әр кезең сайын сахналық киіміміздің ақшасы да өз қалтамыздан шығады. Ол үшін жоба жетекшілеріне еш ренішім жоқ, әрине. Жетістікке жету үшін, хаыққа танылу үшін өзім де қолымнан келетіннің бәрін жасауға тиістімін. 5 миллионға ие болып жатсам, бірінші кезекте шығындарымды жабамын. Біраз бөлігін жетім балалар үйіне қайырымдылық мақсатқа жұмсағым келеді. Жетім балалардың ең болмаса бір ай аш-жалаңаш жүрмеуіне жағдай жасай алсам, керемет қой!.. Қалған ақшаны маған продюссер болуды ұсынған азаматтың қолына ұстатар едім.

– Түр-келбетің, табиғатың ауылдың қарапайым қара домалағы екеніңді әйгілеп тұрғандай?..

– Иә, ауылда туып-өскеніміз рас, оны ел естіп жатыр. Толығырақ айтар болсам, мен 1986 жылы бұрынғы Торғай, қазіргі Қостанай облысы Амангелді ауданына қарасты Үрпек деген шағын ауылда тудым. Үйдің тұңғышымын, менен кейін екі інім, бір қарындасым бар. Әкеміз Кеңес одағы құламай тұрған кезде совхозда трактор айдаған озат механизатор. Анамыздың мамандығы есепші. Кейін Тәуелсіздік жылдары совхоздар тоз-тоз болып, техника атаулы ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кеткеннен кейін әкеміз басқа мамандықтарға жұмыс істеуге көшті. Осындай қарапайым отбасының перзентімін.

– Музыкалық білімің бар ма?

– 2004 жылы эстетикалық бағыттағы Жаңаорда орта мектебін тәмамдадым. 2008 жылы Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың дәстүрлі музыкалық өнер факультетін бітірдім. Осы білім ордасында Айгүл Елшібаева, Қанат Жүнісов сынды өнер майталмандарынан тәлім алғанымды мақтан тұтамын, ұстаздарымның еңбегін аузымнан тастамай айтып жүру парызым деп ойлаймын. Өнердің қыр-сырын ғана емес, адами мәдениетті бойыма сіңірген жандар деп есептеймін.

– Қазір ата-анаң қасыңда ма?

– Үйдің үлкені болғансын, ата-анамды жаныма алдым, қазір Астанада бірге тұрып жатырмыз. 

– Сені басқа әншілерден ерекшелейтін қандай қасиетің деп ойлайсың? Көрерменнің көңілін жаулайтын басты «көзірің» не?

– Енді, өзімді басқалардан ерекшемін, артықпын деу ыңғайсыз болар. Меніңше, көрерменге қазақша әндерді жатық шырқайтыным ұнайтын шығар. Басқа қандай ерекшелігім бар екенін айта алмаймын. Жалпы, әлеуметтік желілерде достарым, жанкүйерлерім онша көп емес. Соған қарағанда, маған негізінен қаймағы бұзылмаған қазақы өңірлердің халқы қолдау көрсетіп жатқан сияқты.

– Ақтық сынға шығар алдында Рики Мартиннің репертуарындағы «Аллилуйя» деген әнді айттың. Өзің таңдадың ба, әлде тәлімгеріңнің таңдауы ма?

– «Аллилуйяға» дейін ағылшынша ән айтып көрген емеспін. Жанымды қинап, амалдың жоқтығынан шырқадым. «Қазақстан дауысы» әлемнің көптеген елдерінде бар жоба болғандықтан, әлемдік тілде ән шырқап көргенім дұрыс деп ойладым. «Аллилуйяны»  тәлімгердің нұсқауынсыз, өзім таңдадым. Көрермендердің көп дауыс бергеніне, қазылардың мақтағанына қарағанда, жаман шықпаған сияқты.

– Сұхбатыңа рахмет. «Қазақстан дауысында» шын жүйрік жеңсін дейміз!

– Сіздерге де рахмет!

Арай ДӘУЛЕТ

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5578