Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 7902 0 пікір 20 Қаңтар, 2014 сағат 04:27

Өзіңізден өзіңіз сұрап көріңіз!

«Әрбір үмметтің ажалы (белгіленген уақыты) бар. Олар оны бір мезет кешіктіре де, ілгерілете де алмайды»,–дейді қасиетті Құранда («Ағраф» сүресі, 34-аят). Уақыт бізден бұрын жаратылған дүние.  Құран Кәрімде: «Адамның адамдық деңгейіне жеткенше қаншама уақыт өтеді десеңші?» («Инсан» сүресі, 1-аят)деген аят бар. Бұл аят адам баласы жаралмай тұрған бір кезеңнің болғандығын айтады. Пайғамбарымыздан (с.ғ.с) жеткен бір хадисте: «Адамдардың көбі - денсаулық пен уақыт нығметінің қадірін білмейді»,-делінген.

Хакім Абай атамыздың 15-қара сөзінің соңы мына сөздермен аяқталады: «Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде  бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал!  Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды күніңді өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ, болмаса не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?.»

Сіз өзіңізді қаншалықты жақсы білесіз? Басқаларға сын айтып, оларды сырттай бағалап, біреулерге ақыл-кеңес беріп «мұршасыз» жүрсек те  біз өз «Менімізбен» кеңесуге көп  көңіл бөле бермейміз. Осы бір шағын ескертуді оқу барысында  сізге төмендегі сұрақтарды  өз-өзіңізге шын пейіліңізбен қоя біліңіз дегім келеді. Кейбір сұрақтар сізді таң қалдыруы да мүмкін.

Ендеше сіздің өзіңізден қайткенде сұрайтын сұрақтарыңыз:

- Мен кіммін?

- Мен қандай  нақтылы жетістіктеріммен  мақтана аламын?

- Мен өз өмірімдегі қандай  нәрсеге өте ризамын?

- Мен өзіме және өміріме қандай баға қоямын?

- Мен  өзімді  жақсы көремін бе?

- Бүгін өзімді қайтсем бұрыңғыдан да жақсы көруге болады?

- Менің жетуге мақсат еткен басты арманым не?

- Өзіме де басқаларға да ең  ұнамды да жақсы  болу деп мен үшін қандай болуды айтамын?

- Маған өмір сүретін бір жыл ғана уақытың қалды десе не істеп үлгеруім керек?

- Осыдан үш жыл бұрыңғы өзіме қандай ақыл-кеңес берер едім?

- Менің көңілімде бүгінгі күнге дейін ұмытылмай, кешіре алмай жүрген түйткілді нәрселер  ма? Қазір оларды ұмытатын уақыт болды ма?

- Қазір қандай  іспен айналысып менің  қолым тимей жатыр? Бұл істеп жатқан ісім 1 жыл, 5 жыл, 10 жылдан  кейінгі өміріме қандай пайдасы бар?

- Мен  қандай мүмкіндіктерді күтіп жүрмін? Ол мүмкіндіктерді өз қолыммен қалай жасауға болады?

- Менің ең үлкен мақсатым не? Оған жетуіме не кедергі болуда?

- Уақыттың да,  ақша қаражаттың да ешбір шектеуі жоқ  болса, мен не істер едім?

- Менің армандаған шыңыма қазір жетіп қойған адам кім? Ол адамнан не үйренуге болады? Мен қайтсем, не істесем  сол адамдай бола аламын?

- Менде қазір бір миллион  доллар болса, онымен не істер едім?

- Менің арманымдағы жұмысым мен үйім қандай? Менің арманымдағы өмір қандай? Солай өмір сүру үшін бүгіннен бастап не істеуге болады?

- Мен неден қатты қорқамын?

- Қандай  кішкентай ғана нәрсе істеу арқылы мен күні бойы бақытты, қуанышты бола аламын?

- Менде кері тартып тұратын әдет, қалыптасқан пікір, наным-сенім бар ма? Егер ондайлар болса,  оларды «босатып қоя беретін» уақытым  болған жоқ па?

- Мен дәл не мақсат үшін өмір сүріп жүрмін?

- Бүгін, дәл қазір қандай іс бастасам менің өмірім мағыналы бола бастайды?

- Маған не нәрсе ең көп жігер беріп, ынтамды арттырады?

- Менің ең көп уақыттарымды  бірге өткізетін 5 адам кім?

- Олар маған жақсы жақтарымен әсер ете ме? Немесе?

- Мен кім туралы, не туралы ойлағанымда қатты қуанамын және жігерленемін?

- Менің армандаған аруым (ақбоз атты ханзадам) қандай?

- Мен үшін бүгінгі ең қажетті адамдар кімдер? Мен оларға жеткілікті көңіл бөле алып жүрмін бе?

- Мен  пайдасы аз қандай нәрселерге көп назар аударамын?

- Бұл сауалдардан кейін Менің өзгеріс жасағым келген бір нәрсе не?

Сіздің алдағы өміріңізбен қызметіңізге табыс тілеймін!

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ,

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5578