Жексенбі, 24 Қараша 2024
975 1 пікір 25 Шілде, 2024 сағат 16:12

ҚМДБ Қостанай облысының бас имамын қызметтен алды

Сурет: muftyat.kz

Бүгін, 25 шілдеде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мас күйінде көлік жүргізгені үшін қамауға алынған Қостанай облысының бас имамы Бақытбек Тәжімбетке қатысты мәлімдеме жасады. 

Мүфтият болған оқиға үшін елдегі мұсылман қауымынан кешірім сұрады.

«Діни басқарманың қызмет жүйесінде заң нормаларын және дін қызметкері этикасын өрескел бұзатын жеке тұлғалардың діни салада жұмыс істеуіне моральдық тұрғыдан құқығы жоқ. ҚМДБ дін қызметкеріне лайықсыз әрекет жасаған Бақытбек Тәжімбетті Қостанай облысының бас имамы қызметінен босатты. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы болған оқиғаны үлкен өкінішпен қабылдап, еліміздегі мұсылман жамағатынан кешірім сұрайды. Алла Тағала баршамызды жамандық пен өкінішті істерге жетелейтін нәпсі қалауының кесірінен сақтағай», - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде Қостанай облысының бас имамы ішімдік ішіп, мас күйде ұсталды деген ақпарат тараған еді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5576