Бейсенбі, 10 Қыркүйек 2026
2236 6 пікір 25 Шілде, 2024 сағат 15:51

Нұрсұлтан Назарбаев академик атағынан айырылды

Сурет: aqshamnews.kz

Президент Қсым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен Ғылым академиясында қайта реттеу болды. Жаңа өзгеріс бойынша енді оған 9 адам кіріп,  бұрынғы академиктердің мәртебесі жойылды.  Бұл туралы  БАҚ хабарлайды.

"Бізде қазір Республикалық қоғамдық бірлестік бар. Бұл ескі Ғылым академиясы. Ол 2000 жылдардың басынан бүгінгі күнге дейін өмір сүріп келеді. Сіз айтқандай, бұл адамдардың бәрі сонда. Ол әлі де қатар өмір сүріп жатыр. Сонымен қатар, өткен жылы президенттің шешімімен жаңа Ғылым академиясы құрылды, бірақ басқа мәртебемен. Біріншіден, президент жанында, оны мемлекет қаржыландырады. Бізде тамыз-қыркүйекте сайлаудың жаңа циклы өтеді, біртіндеп мықты ғалымдарды Ғылым академиясына қабылдаймыз", – деді Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Жаңа Ғылым академиясына сайлау өтіп қойған, оған 15 адам кірді.

Реформаға дейін Ұлттық ғылым академиясының тізімінде болған 155академиктердің мәртебесі жойылды. Олардың арасында Қазақстан Республикасының бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев та болды.

Айта кетейік, академиктер тізімі соңғы рет 2020 жылы жаңартылған.​​

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1052
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2598
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 736
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 696