Жексенбі, 8 Қыркүйек 2024
852 0 пікір 26 Шілде, 2024 сағат 16:38

Қазақстан боксшылары кімдермен жұдырықтасады?

Сурет: ҚР Спорт және туризм министрлігі

Кеше бокстан Париж Олимпиадасының жеребе тарту рәсімі өтті. Сонымен, Қазақстан боксшылары кімдермен жұдырықтасады? Деректерді ҚР Спорт және туризм министрлігі ұсынды. Қараңыз:

Ерлер:

51 келі. 17 боксшы 1/8 финал

Сәкен Бибосынов – Самет Гумуш (2024 жылғы Еуропа чемпионы).  Ширек финалда Рио Олимпиадасының чемпионы Хасанбай Дусматовпен (Өзбекстан) жолығуы мүмкін.

57 келі. 17 боксшы 1/8 финал

Махмұд Сабырхан – Хосе Гуелес Бротонс (2023 жылғы Еуропа ойындарының күміс жүлдегері). Ширек финалда әлем чемпионы Абдумалик Халоковпен (Өзбекстан) жұдырықтасуы мүмкін.

63,5 келі. 22 қатысушы 1/16 финал

Мұхамедсабыр Базарбайұлы – Ойер Ибарче. 1/8 финалда бұл жұптың жеңімпазы Тайпей өкілі Лай Чу Енмен кездеседі.

71 келі. 20 қатысушы 1/16 финал

Асланбек Шымбергенов – Зейад Ишаиш (2022 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері). 1/8 финалда бұл жұптың жеңімпазы әлем чемпионы Севон Оказавамен (Жапония) жолығады.

80 келі. 18 қатысушы 1/8 финал

Нұрбек Оралбай – Каллум Петерс

92 келі. 16 қатысушы 1/8 финал

Айбек Оралбай – Олейтен Олаор. Ширек финалда 2 дүркін Олимпиада чемпионы Хулио Ла Круз (Куба) немесе әлем чемпионы Альфонсо Домингезбен (Әзербайжан) жолығуы мүмкін.

+92 келі. 16 қатысушы. 1/8 финал

Қамшыбек Қоңқабаев – Аюб Джадфа (2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері).

Әйелдер:

50 келі. 22 боксшы 1/16 финал

Назым Қызайбай – Джиордана Соррентино (2022 жылғы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері). 1/8 финалда бұл жұптың жеңімпазы 2023 жылғы Пан Американ ойындарының чемпионы Каролин Де Алмейдамен жұдырық түйістіреді.

57 келі. 22 боксшы 1/8 финал

Карина Ибрагимова – Лозада Мотта Ашлейан (Пуэрто-Рико).

75 келі. 16 боксшы 1/8 финал

Валентина Хальзова – Азейна Билон (2015 жылғы әлем чемпионы).

Abai.kz

0 пікір