Жексенбі, 24 Қараша 2024
1003 0 пікір 31 Шілде, 2024 сағат 12:07

Зардап шеккен кәсіпкерлер 2,2 млрд өтемақы алды

Сурет: istockphoto.com

Министрліктің ресми сайтында Ұлттық экономика министрлігінің су тасқынынан зардап шеккен кәсіпкерлерге тағайындаған өтемақысы жарияланды.

Мүліктік шығындарды өтеуге үкімет резервінен 12,1 млрд теңге сомасында қаражат бөлінді.

"Жергілікті атқарушы органдар ұсынған мәліметтерге сәйкес, 2024 жылғы 30 шілдедегі жағдай бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тарапынан 9,3 млрд теңге сомасына 455 өтінім келіп түскен, оның ішінде 374 өтінім (82,1%) 5,8 млрд теңгеден астам сомаға мақұлданды. Соның ішінде 222 өтінім бойынша кәсіпкерлерге 2,2 млрд теңге көлемінде төлемдер жасалды", – дейді министрлік мамандары.

Өтемақы мақұлданған облыстар:

  • Атырау 2,1 млрд теңге (215 өтінім);
  • Батыс Қазақстан – 2,5 млрд теңге (40 өтінім);
  • Солтүстік Қазақстан – 901,8 млн теңге (44 өтінім);
  • Қостанай – 206 млн теңге (35 өтінім)
  • Ақтөбе – 366 млн теңге (24 өтінім);
  • Ақмола – 61,1 млн теңге (16 өтінім).

Өтемақы туралы өтінімді өңірлік комиссиялар 5 жұмыс күні ішінде қарайды және қаржыландыру жеткілікті болған жағдайда 10 жұмыс күні ішінде төлемдер жүзеге асырылады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5566