Сейсенбі, 17 Қыркүйек 2024
924 0 пікір 31 Шілде, 2024 сағат 16:00

Маңғыстау мен Нөкіс арасын пойыз тасымалы жалғайды

Сурет: rail-news.kz

Өзбекстанның темір жол компаниясының баспасөз қызметі 22 тамыздан бастап Нөкіс қаласынан Маңғыстау облысына теміржол тасымалы іске қосылатынын хабарлады. 

Компания хабарламасына сәйкес, пойыз Нөкіс қаласынан бейсенбі, сенбі, сейсенбі күндері сағат 20:16-да шығып, Маңғыстауға 17:14-те келеді. Жол ұзақтығы шамамен 21 сағат. 

Ал Маңғыстаудан Нөкіске пойыз жұма, жексенбі және сәрсенбі күндері сағат 18:54-те жолға шығады. Нөкіске жету уақыты: 15:22. Алғашқы рейс 23 тамыз күні қатынайды. 

"Жолаушылар Нөкістен тікелей Қазақстанның Маңғыстау облысына қатынай алады. Маңғыстау облысы өзінің ерекше табиғатымен, бай тарихымен және мәдени мұрасымен туристерді қызықтыруда. Ол жерде туристік инфрақұрылым дамыған. Жайлы қонақ үйлерден бастап, экотуризмге дейін әртүрлі аттракциондар бар", – делінген Өзбекстанның темір жол компаниясының хабарламасында.


Abai.kz

0 пікір