Сенбі, 5 Қыркүйек 2026
2384 0 пікір 1 Тамыз, 2024 сағат 17:40

Боранбаев мұнай компаниясын мемлекетке қайтарды

Сурет: Александр Павский/Kazinform

Қайрат Боранбаевқа тиесілі Phystech II мұнай компаниясы толығымен мемлекет балансына өтті. Мұны ресми құжаттар растап отыр, деп жазады Қазақпарат. 

1 тамызда KASE веб-сайтында жарияланған акционерлер тізіміндегі үзінді көшірмеге сәйкес, 1 шілдедегі жағдай бойынша Phystech II АҚ жалғыз акционері ретінде ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті көрсетілген.

Жарияланған жай акциялардың жалпы саны 18 500 000 дана, оның ішінде 13 749 100 жай акциялар орналастырылған.

Бұған дейін мемлекетке қайтарылған мүліктер, олардың құны және қалай пайдаланылатыны туралы хабарланған болатын.

Сот шешімімен кәсіпкерден мемлекет пайдасына төмендегі мүліктер тәркіленді:

- Алматы қ. Әл-Фараби 77/7-1 көшесіндегі жер учаскесі бар коммерциялық үй-жай. Құны 686 млн теңгеге тең;

- Халық банкі шотындағы қаражат - 1 млрд 270 млн 190 мың теңге;

- Халық банкінің түрлі шоттарына салынған 5 млн 685 мың 727 АҚШ доллары, 1 миллион 170 мың 329 АҚШ доллары 755 миллион 859 мың 601 теңге, 193 миллион 170 мың 137 теңге.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 908
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2346
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 610
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 593