Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 1753 1 пікір 1 Тамыз, 2024 сағат 18:00

Барған елдің мәдениетін сыйлау - мәдениеттілік белгісі!

Сурет Әбдірашит Бәкірұлының желідегі парақшасынан алынды

Францияда 2019 ж. 41%-христиан-католиктер, дінді ұстанбайтындар - 40%, мұсылмандар - 5%, лютерандар - 2%, православтар - 2%, басқа христиандар - 2%, иудеистер -1%, буддистер - 1%.

Ендеше, ол жерде аренада діни ритуалды жасаған кезде Елдостың өнеріне риза болып отырған арена толы адамдардың қуаныштары сап тиылды.

Үндемей қалды көбі...

Өйткені, осының алдында ғана ол жерде содырлық болды.

Көп христиандар оны мұсылмандармен байланыстырғаны да жасырын емес...

Бұған дейін де болған содырлықтар исламмен байланысты болып келгендері қаншама. Оны олар ұмыта салмайды ғой.

Осы жағдайда олар Елдостың тоңқайған "діни ишарасын" қалайша бей-жай қабылдай салады?

Оны көргендердің көбі "Қазақстан Ауғанстан сияқты ел екен ғой" деп ой түйеді де, оны барған жерінде айтып жүреді...

Осындай нәзік саяси-діни астарды ұқпайтын және қалың жанкүйерлер психологиясын ескермейтін біздің жаттырушылар біршама сауатсыз ба деп қалдым...

Болмаса, олар Елдосты "Сен нағыз қазақ сияқты тізе бүкпей-ақ екі қолыңды аспанға қарата көтерсең жеткілікті" дер еді ғой.

Бұл, жалпы, "Құдайды мойындаудың әлемдік үлгісі" сияқты халықаралық діни символ.

Сондықтан, біз болашақ чемпиондарға осыны ескеріңдер деп сұраймыз.

Одан өзге, "Қолдарыңды жүрекке қойып, барша жанкүйерге бас иіп, алғысыңды білдіріңдер" деп айтқым келеді...

Сонда, ол жерде отырған әлемнің бар түкпірінен келгендердің бәрі жоғары ризашылық сезімге бөленеді.

Қазақстан туралы да өте жоғары пікірде елдеріне қайтады...

Біздің спортшыларға осындай "саяси-идеологиялық сабақ" айтатын адам табылмағаны ма?

Өкінішті...

Әбдірашит Бәкірұлының желідегі жазбасы

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1434
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3199
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5120