Тәрбиелі әдепті адам болу оңай емес!
Ертеректе бір жазушы әйел Лондонға барыпты. Бірде екі бөлек есігі бар, арнайы қоғамдық дәретхананы көреді.
Есіктерде:
«Әйелдерге тегін. Бірақ Леди (ханым)-лер-бір пенс»,
«Еркектерге тегін. Бірақ Джентельмендер-бір пенс»,- деп жазылғанын көріп әйелдер мен ханым(леди)-дардың айырмашылығы туралы таңдана ойлап тұрған кезінде полиция қызметкері жақындап «Сізге бір пенс керек болып қалмады ма?» деп сыпайы түрде сұрапты. Полицей болса қалтасында ұсақ тиыны болмай қалды ма екен деп нағыз джентельмендік мінезбен оған көмектесуді ойласа керек.
«Сыпайы» британдықтар шынымен керемет адамдар ғой,- дейді жазушы әйел дәретхана есігіндегі ескерту туралы ойлап тұрып.
Бұл оқиғаның терең мағынасы бар:
Жоғары тәрбиелі (леди, джентельмен) адамдар әрқашан біреудің еңбегін бағалап, ақы төлеуді үйренген, тегін нәрсе алғысы келіп ешқашан басқаларды тізесімен, шынтағымен итермелеп сығылысып жүрмейді. Төлей алатын мүмкіндігі бар кезде тегін нәрселерге ұмтылу дегенді білмейді.
Қызметі үшін ешкім олардан алғыс күтпесе де, ризашылық білдіретін, тегін заттарды жақсы көруді үйренбеген адамдар. Өйткені кез-келген заттар мен қызметтерге ақы төлеу дегеніміз ол адамға өзінің қадір-қасиетін сақтау, өзін жайлы сезіну үшін қажет.
Өзіне қанағаттану, өзін бағалау деген өте маңызды сезім.
Кейде тек бір ғана пенс төлеу жеткілікті болса да біреулер оны төлемейді. Басқаларға деген құрмет дәл осы жерден басталады.
Ризашылық білдіру, ризашылыққа жауап беру, жақсы ықылас-пейіл көрсету, жақсы пейілге жақсы пейілмен жауап қайтару, тіпті оны ешкім көріп тұрмаса да, ешкім оны бағаламаса да бұл басқаның еңбегін бағалайтын адамдардың дағдыға айналдырған тәжірибесі. Бұған қоса біреуге аса қажетті, маңызды болған кезде ешкімге білдірмей шын ниетімен көмек көрсету де жатады.
Әр адам туылған кездегі жынысына байланысты ешқандай күш жұмсамай-ақ еркек немесе әйел бола алады. Бірақ тәрбиелі әдепті адам болу оңай емес.
Бәрінің негізі өзіңді және басқаларды құрметтеуді үйренуден басталады....(Аудардым. Анна Кирьянова)
Амантай Тойшыбайұлының желідегі жазбасы
Abai.kz