Дүйсенбі, 14 Қыркүйек 2026
Масқара! 2576 1 пікір 2 Тамыз, 2024 сағат 13:25

Қызылордалық әкелер алимент төлемей, құмар ойнаған

сурет: dubna.ru

Қызылорда облысында алимент төлеу жөніндегі міндеттемесін елемей, құмар ойындарға 250 млн теңге ақша салған 154 борышкер анықталды, деп мәлімдеді Abai.kz порталы kaz.inform.kz -ке сілтеме жасап.

Қызылорда облысында алимент берешегі 380 млн теңгеге дейін төмендеді. Осылайша еліміздегі берешегі ең аз аймақтың алдыңғы қатарына енгізілді.

«Облыс прокуратурасы құмар ойындарға 250 млн теңгеден астам қаражат жұмсаған 154 борышкерді анықтады. Борышкерлер алимент төлеу жөніндегі міндеттемелерін елемей, немқұрайлылық танытқан. Букмекерлік кеңселерде құмар ойындар ойнаған. Мәселен, алимент бойынша 1 миллион теңге қарызы қалыптасқан тұрғын өзінің шотын 156 миллион теңгеден астам сомаға толықтырған. Прокуратура бастамасымен алимент төлеуден жалтарып жүрген 18 борышкерге қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 139-бабымен қылмыстық іс тіркеліп, оның 12-і жауаптылыққа тартылды. Ал 9 борышкер сот үкімімен бас бостандығын шектеу жазасына сотталса, 3 іс бойынша бойынша тергеу жалғасуда», - деп мәлім етті облыс прокуратурадан.

Ведомство мәліметінше, Қызылорда облысының прокуратурасы биылғы жылдың 6 айында алимент өндіру бағытында Әділет департаментіне және Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына 12 заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыну енгізді. Нәтижесімен 155 жалғыз басты ананың пайдасына 91 млн теңге алимент берешегі өндірілді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1169
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2692
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 812
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 784