Бейсенбі, 7 Мамыр 2026
2424 0 пікір 2 Тамыз, 2024 сағат 14:52

Түркия билігі Instagram желісін бұғаттады

Сурет: rbc.ua

Түркияның Ақпараттық технологиялар және байланыс басқармасы Instagram әлеуметтік желісіне кіруге тыйым салды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Takvim басылымына сілтеме жасап.

«Шектеудің себебі – ХАМАС тобының саяси жетекшісі Исмаил Хания өлімінен кейінгі наразылық толқыны. Instagram Саяси бюро басшысы туралы материалдарды желіден жүйелі түрде өшіріп отырды», - делінген ақпаратта.

Түркияның байланыс басқармасының басшысы Фахреттин Алтун шілде айының соңында Instagram әрекеттерін айыптап, хабарлама жариялады. Ол мұны «мазмұнды цензуралау әрекеті» деп атады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 1865
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1521