Жексенбі, 24 Қараша 2024
929 0 пікір 30 Шілде, 2024 сағат 19:01

Референдум: Астана электоралды процесске дайын ба?

Сурет спикердің жеке мұрағатынан алынды

Биылғы жылдың басты електоралды оқиғасы – АЭС салу бойынша жалпыхалықтық референдум болғалы тұр. Мемлекет басшысы Тоқаев АЭС бойынша референдумның биыл күзде өтетінін айтқан еді.

Осыған байланысты Астана қаласындағы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жұмабеков Бейсембай Қуанышұлына хабарласып, алдағы референдумға Астана қаншалық дайын екендігі туралы сұрадық.

«Жергілікті дайындық жүріп жатыр. Астана қаласы бойынша бүгінгі күні 459 сайлау комиссиясы бар. Тағы 78 шетелдегі елшіліктерде бар. Бүгінгі күні Астана қаласында 868 мыңнан астам осы дауыс беруге құқылы азаматтар бар. Сондықтан біз бүгінгі күні 459 сайлау комиссиясын толық дайындап жатырмыз.

Енді сайлау комиссиясына келетін болатын болсақ, референдумда жарлық шыққаннан кейін Орталық сайлау комиссиясы, Орталық референдум комиссиясы болып аталады. Ал аумақтық комиссиялар аумақтық референдум комиссиясы деп аталады. Учаскелік референдум комиссиясы деп солай аталады», - дейді Бейсембай Қуанышұлы.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5567