Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 1307 0 пікір 9 Тамыз, 2024 сағат 12:50

Жапония премьер-министрі Қазақстанға келмейтін болды

Фото: ritmeurasia.ru

Жапония премьер-министрі Фумио Кишида жұмаға жоспарланған Қазақстан, Өзбекстан және Моңғолияға төрт күндік сапарын тоқтату мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп жазады Abai.kz .inform.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл шешім Жапонияның метеорологиялық агенттігі Нанкай аймағында жер сілкінісі болуы мүмкін екенін ескерткеннен кейін қабылданған. Жапонияның метеорологиялық агенттігі бейсенбі күні елдің оңтүстік-батысында болған 7,1 балдық жер сілкінісінен кейін бірнеше сағат өткен соң алғаш рет ескерту жасады.

Агенттік мәліметінше, Тынық мұхитының оңтүстік-батысынан орталық Жапонияға дейінгі аумақтарды қамтитын үлкен жер сілкінісі қаупі артқан.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Жапония Премьер-Министрі Фумио Кишида 9-10 тамызда Қазақстанға ресми сапармен келетіні хабарланған болатын.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373