Түркия өзінің «Темір күмбезін» өмірге әкелмекші
Түркияда жасанды интеллект пайдаланылатын «Темір күмбез» көпдеңгейлі әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі құрылады.
Бұл туралы TRT Haber телеарнасы ел президенті Режеп Тайип Ердоғанның төрағалығымен Анкарада өткен қорғаныс өнеркәсібі атқару комитеті отырысының қорытындысы негізінде хабарлады.
«Темір күмбез» жобасы ӘҚ жүйесін бірыңғай желіге біріктіруді және нақты уақыт режимінде шешім қабылдау үшін ол бойынша ақпарат беруді көздейді.
Телеарнаның ақпараты бойынша, сондай-ақ KAAN ұлттық жойғыш ұшағы, Bayraktar TB3, Akinci және Aksungur ҰҰА, камикадзе-дрондары мен шағын-дрондар, радиоэлектрондық күрес жүйелері, әртүрлі класты ҰҰА-дан қорғану үшін сатып алу жобалары қаралды.
Отырыста отандық мүмкіндіктерді, қолбасшылық, басқару және байланыс жүйелерін сатып алуды ескере отырып, түрік армиясының қару-жарағында тұрған броньды танк техникасын жаңғырту жобалары талқыланды.
Abai.kz