Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3304 0 пікір 3 Ақпан, 2014 сағат 08:54

Руза – Цеснабанк: жеке бастың қамы емес, мемлекеттік мәселе!

Қазақстанда мемлекеттік мәртебесі бола тұра, оның бұл мәртебесінің орындалуын былай қойғанда, қазақ тілді азаматтардың құқығының аяққа тапталуы қарапайым үйреншікті жайт болғалы 20 жылдан асты. Бұл сала бойынша мемлекет тарапынан да, мемлекеттік құзырлы органдар тарапынан да ешбір шара қолданылмай келеді.

Елде сатылатын техникалық жарақтардың мемтіл мәртебесіне лайықтығы ешқашан күн тәртібіне де, заң жүзіне де қойылмастан, алуан түрлі қарпі бар, бірақ қазақ әліпбиіне жарамсыз саймандар базарды жайлағалы қашан!? Оған прокуратура тарапынан да, салаға бірден бір жауапты Экономикалық даму және сауда министрлігі де тырп етер емес. Тіпті, ел азаматтарына Туу куәлігі мен төлқұжат тарататын Әділет министрлігінің өзі төлқұжаттағы қазақтілді аты-жөндерді ағылшын тіліне транслитерациялауда заңсыздыққа иек артып отырғаны бұрын да жария болған. Оған былтырғы желтоқсан айында Астана қалалық Тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен қоғамдық орта арнайы отырыс та өткізген...

Банктердегі компьютерлер мен күн сайын смс-хабарламаларға қатысты мәселе жабағыдай ұйысқалы қашан... Енді жекелеген азаматтар, мемлекеттік мәселеге айналған жағдайдан мезі болғасын құқыларын жекелей қорғауға кірісе бастады. Ертең, 4.02.14 жылы сағат 9-да Астана қалалық Сарыарқа аудандық сотында (Желтоқсан 43/3) белгілі қоғамдық белсенді Руза Бейсенбайтегі «Цеснабанкті» жауапқа тартпақ. Банкті сотқа беруге «Цеснабанкте менің қазақша аты-жөнімді танитын қамтымалы программа болмауына, оны 10 ай ішінде еш өзгертпегеніне, біржақты орысша түбіртектерге беруі т.б. қазақ тіліне байланысты мәселелер себеп болып отыр», - дейді Руза.

Шын мәнінде мемлекеттік мәселені жеке бастың мәселесіндей көтеруге мәжбүр болған азаматты қалай қолдасақ екен?...

Шәріпхан Қайсар

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5555