Жұма, 18 Қыркүйек 2026
Билік 2274 1 пікір 13 Тамыз, 2024 сағат 14:10

Министр утильалым туралы: Көршілерден қалып қойдық...

Фото:kaztag.kz

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында Ресейде утильалым мөлшерінің қымбаттауы Қазақстандағы нарыққа қалай әсер ететінін айтты, деп хабарлайды Abai.kz inform.kz-ке сілтеме жасап.

«Мен көрші елдердің утильалым мәселесінде қандай тәсіл қолданатынын назар аударып көріңіздерші. Олар утильалымды алып тастауды қойып, құнын көтеріп жатыр. Қырғыз республикасы Chevrolet Cobalt және Onix өндіретін желіні іске қосқан екен. Енді олар да утильалым енгізбекші. Бұл жерде түсіну керек, Қазақстан утильалым мен алғашқы тіркеу мөлшері бойынша маңайымыздағы көрші елдерден қалып қойдық», - деді министр.

Ресейдегі утильалымның қымбаттауы біздегі бағаға әсер етпейді деп ойлайтынын айтты.

«Бағаның айырмашылығынан бізде тағы ескі көліктер қаптауы мүмкін. Оның әсері экологияға, жолдағы қауіпсіздікке тиеді. Шынымен ондай тәуекел бар. Ресейден бізге автоқоқыс ағылса, қазақстандықтарға жолда жүру қауіпті бола түседі», - деді Қанат Шарлапаев.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1290
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2847
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 946
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 884