Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 4361 0 пікір 4 Ақпан, 2014 сағат 05:16

Мақсат Ілиясұлы. Конституция және біз: халықтың еркі қайда қалды? (басы)

Кез келген мемлекеттің саяси бағытын, мемлекеттік құрылысын, басқару нысанын, негізгі  құндылықтарын айқындайтын басты құжаты – Конституция. Конституцияның әрбір бабы, әрбір сөзі үлкен мәнге ие және оның сәл өзгеруінің өзі қоғамға, мемлекет өміріне үлкен өзгерістер әкеледі. Ал оның орындалмауы немесе бұрмалануы қоғамның дамуына ғана емес, мемлекеттің тәуелсіздігіне, тұтастығы мен барша құрылымына қауіп төндіруі мүмкін.

Қазақстан Республикасы соңғы ширек ғасырға жуық тарихында 1993- жылы  28-қаңтарда алғашқы, 1995-жылдың 30 тамызында екінші Конституциясын қабылдады. Бірінші Конституцияның алғы сөзінде «қазақ мемлекеттілігінің бұлжымастығын негізге ала отырып  (исходя из незыблемости казахской государственности)» деп басталып, Конституциялық құрылыстың негізі «өзін өзі билейтін қазақ ұлты  мемлекеттілігінің түрі ретінде Қазақстан Республикасы  өзінің барлық азаматының құқық теңдігін қамтамасыз етеді. (Республика Казахстан как форма государственности сомоопределившейся казахской нации обеспечивает равные права всем своим гражданам)» деп жалғасқан-ды. Ал екінші Конституцияда қазақтың Қазақстандағы жалғыз мемлекет құраушы ұлт екені де, қазақ мемлекеттігі деген ұғым да алынып қалды.

Кез келген мемлекеттің саяси бағытын, мемлекеттік құрылысын, басқару нысанын, негізгі  құндылықтарын айқындайтын басты құжаты – Конституция. Конституцияның әрбір бабы, әрбір сөзі үлкен мәнге ие және оның сәл өзгеруінің өзі қоғамға, мемлекет өміріне үлкен өзгерістер әкеледі. Ал оның орындалмауы немесе бұрмалануы қоғамның дамуына ғана емес, мемлекеттің тәуелсіздігіне, тұтастығы мен барша құрылымына қауіп төндіруі мүмкін.

Қазақстан Республикасы соңғы ширек ғасырға жуық тарихында 1993- жылы  28-қаңтарда алғашқы, 1995-жылдың 30 тамызында екінші Конституциясын қабылдады. Бірінші Конституцияның алғы сөзінде «қазақ мемлекеттілігінің бұлжымастығын негізге ала отырып  (исходя из незыблемости казахской государственности)» деп басталып, Конституциялық құрылыстың негізі «өзін өзі билейтін қазақ ұлты  мемлекеттілігінің түрі ретінде Қазақстан Республикасы  өзінің барлық азаматының құқық теңдігін қамтамасыз етеді. (Республика Казахстан как форма государственности сомоопределившейся казахской нации обеспечивает равные права всем своим гражданам)» деп жалғасқан-ды. Ал екінші Конституцияда қазақтың Қазақстандағы жалғыз мемлекет құраушы ұлт екені де, қазақ мемлекеттігі деген ұғым да алынып қалды.

Сонымен күші жойылған 1993-жылғы Конституцияны тарих қойнауына жіберіп, қолданыстағы негізгі заңның ерекшеліктеріне тоқталып көрейік.

Конституцияның 1-бабында «Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары» деп көрсетілген.

Демократиялық мемлекет деген не? Демократиялық мемлекеттік жүйенің негізі халықтың билігі, мемлекетті халықтың басқаруы. Конституцияның 3-бабында бұл жағдай «Мемлекеттiк билiктiң бiрден-бiр бастауы - халық. Халық билiктi тiкелей республикалық референдум және еркiн сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билiгiн жүзеге асыруды мемлекеттiк органдарға бередi»  деп көрініс тапқан.

Алайда, елімізде қарапайым халықтың немесе қоғамдық ұйымдардың, партиялардың референдум өткізуі және әділ сайлауға қатысуы күрделі жағдайда қалып отыр. ҚР «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңының 10- бабында «Референдум тағайындау құқығы Қазақстан Республикасының Президентiнде болады» деп көрсетілген. Аталған  заңның 17-бабында «Республика Президентi Парламент пен Үкiметтiң немесе республика азаматтарының бастамашылығы бойынша референдум тағайындау туралы мынадай:  1) референдум тағайындау туралы;  2) референдум өткiзбей-ақ, оның талқысына ұсынылатын мәселе (мәселелер) бойынша Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгiзу, конституциялық заң, заң немесе өзге де шешiм қабылдау қажеттiгi туралы;  3) референдум тағайындау туралы бастамашылықты қабылдамау туралы шешiмдердiң бiрiн қабылдайды» деп белгіленген.  

Демек, Парламент, Үкімет немесе  екi жүз мыңнан аса Қазақстан азаматтары референдум өткізу туралы бастама көтергенімен Президент жеке дара ол референдумды өткізуге немесе өткізбеуге құқылы және өткізуден бас тартқаны үшін қандайда бір жауапкершілік алмайды. Олай болса, бұл жағдайда халық билiктi тiкелей республикалық референдум арқылы жүзеге асыратыны қайда қалды? ҚР «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңының осы баптары Конституцияның 3-бабына сәйкес келе ме?

Сонымен бірге халықтың өз билiгiн жүзеге асыруды мемлекеттiк органдарға беретіні көрсетілген де, органдардың қызметі халық мүддесіне сай келмесе, биліктен жүзеге асыру құқығын қайтарып алу жағдайы қарастырылмаған.

Сол 3-бапта халық билiгі сайлау арқылы жүзеге асатыны белгіленген. Алайда, әділ сайлау өткізу мәселесі де елімізде әлі күнге шешімін таба алмай келеді. Басқаны айтпағанның өзінде ҚР «Сайлау туралы» Конституциялық заңында «бюллетеньге қарындашпен белгi қоюға, сондай-ақ оған қандай да болсын түзету енгiзуге жол берiлмейдi. Белгi қарындашпен қойылған, түзету немесе өзге де бұрмалау iздерi бар, сондай-ақ сайлаушылардың ерiк бiлдiруiн анықтау мүмкiн емес бюллетеньдер жарамсыз деп танылады» деп көрсетілгеніне қарамастан соңғы Парламент мәжілісінің сайлауында «Руханият» партиясының атауы сызылған бюллетеньдер арқылы сайлау өткізілгенін айтсақ та жеткілікті. Осы мәселенің өзі 5-шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің жұмысын жарамсыз деп тауып, тағы да таратып жіберуге негіз бола алады. 

Конституцияның 1-бабына қайта оралсақ, Қазақстан өзін құқықтық мемлекет ретінде орнықтырғысы келеді. Құқықтық мемлекет орнатудың негізгі қағидасы - заңға бағыну, заңның орындалуын қамтамасыз ету және әділ сот жүйесін қалыптастыру болса керек.

Конституцияның 14-бабында заң мен сот алдында жұрттың бәрi тең екені жазылған.  Ал енді осы бабқа орай ел ішінде үлкен дау туғызған екі адамның бірдей қылмысын алып көрейік. 2009-жылы белгілі құқық қорғаушы Евгений Жовтис абайсызда көлікпен қағып кетіп, бір адамның өліміне себепші болғаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал мас қалпында алты адамды қағып, бір адамның өліміне себепші болған Мақсат Үсенов бостандыққа шықты. Алты адамға зардап шеккізіп, қылмыс орнынан қашып кеткен М. Үсенов сотталмағанымен қоса 2015-жылы машина руліне қайта отыруына болады. Ал қылмысы толық дәлелденбеген Арон Атабек (Едігеев) 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Мұндай мысалдарды мыңдап келтіруге болады.

Мұның бәрі басқа заңдарды айтпағанның өзінде Конституцияның нормаларының орындалмайтынының, бұрмаланатынының немесе оған қайшы заңдардың өмірге келетіндігінің салдары болса керек.

Ең таң қаларлығы біздің «құқықтық» мемлекетте Конституцияны орындамаған, бұзған, бұрмалаған жеке немесе заңды тұлға, лауазым иелері не әкімшілік, не қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Себебі, ондай нормалар белгіленбеген.

ҚР «Прокуратура туралы» заңының 1-бабында «Қазақстан Республикасының прокуратурасы мемлекет атынан Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентi Жарлықтарының және өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл және бiрыңғай қолданылуына, жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтама мен тергеудiң, әкiмшiлiк және атқарушылық iстер жүргiзудiң заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асырады» деп жазылып тұр. Алайда Прокуратура бұл міндетін  орындап отыр деп айта алмаймыз.

Прокуратура қызметкерлері кей жағдайда заңды өздері өрескел бұзады. Жақында ҚР Бас прокурорының орынбасары Иоган Меркель азаматтар жеке наразылығы үшін жауапқа тартылмайды десе http://www.31.kz/video/show/id/736/show/ib, қалалық прокурорлар астаналық азаматтардың «Протон» зымыранын ұшыруды тоқтатуын талап еткен жеке наразылықтары үшін азаматтарды айыпты деп тауып, жауапқа тартуға қол жеткізді.

Конституцияның 1-бабында мемлекеттің ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi деп белгіленген. Ал 15-бапта «Әркiмнiң өмiр сүруге құқығы бар. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ» деп жазылған. Бұл мәселеде Жаңаөзен оқиғасын, Атыраудағы, Алматыдағы, Алматы облысындағы террористер мен діни экстремистер  http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D0%B5%D1%80%D1%80%D0%BE%D1%80%D0%B8%D0%B7%D0%BC_%D0%B2_%D0%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D1%85%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD%D0%B5 деп  танылған азаматтардың қылмысы дәлелденбестен жойылғанын еске түсірсек те жеткілікті.

  Конституциямыздың 1-бабында мемлекеттің ең қымбат қазынасы - адамдардың құқықтары мен бостандықтары екені көрсетілген. Сондай-ақ, оның 12-бабында «Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепiлдiк берiледi» деп нақты көрсетілген. Соған қарамастан күнделікті өмірде адамдардың негізгі Конституциялық құқықтары жиі бұзылып жатады.

Конституция бойынша әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауына құқығы бар. Алайда сот жүйесінің тәуелсіздігі қамтамасыз етіліп, сот жүйесіндегі жемқорлық ауыздықталып, сот әділдігі орнамайынша, бұл құқықтың толыққанды қорғалуы мүмкін емес.

Біздің «Зайырлы» мемлекетімізде діни кемсітушіліктерге жол беріліп, діни көзқарасына қарамастан сақал қойған, қысқа шалбар киген азаматтарға құқық қорғау органдары тарапынан қысым жасалатыны да өтірік емес.

Конституция бойынша әркiм өзiнiң жеке басының бостандығына,  жеке қадiр-қасиетiне қол сұқтырмауға, әркімнің жеке өмiрiне қол сұғылмауына, өзiнiң және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына, Әркiм өзiнiң қай ұлтқа, қай партияға және қай дiнге жататынын өзi анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге, еркін сөйлеуге, шығармашылықпен айналысуға, өз елінде еркін жүріп-тұруға, денсаулығын сақтауға  құқығы бар және ар-ождан бостандығына, бiрлесу бостандығына, еңбек ету бостандығына тағы басқа құқықтар мен бостандықтарға ие. Өкінішке қарай осы құқықтар мен бостандықтар әрдайым, күнделікті өмірде орындала бермейді. Бұл – қоғамда түрлі келеңсіздіктердің, наразылықтардың тууына мұрындық болуда.

Бүгін Конституция туралы, нақтырақ айтсақ оның бір ғана бабынан туындайтын мәселелерді сөз еттік. Алдағы уақытта Конституция туралы, Президент пен Президенттік билік, биліктің тармақтары мен олардың құқық-міндеттері, құзіреттері туралы сөз ететін боламыз. 

(Жалғасы бар)

Мақсат Ілиясұлы, заңгер, Қазақ Ұлттық кеңесі төрағасының орынбасары.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5560