Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 1342 0 пікір 16 Тамыз, 2024 сағат 15:05

АЭС құрылысы һәм Германия тәжірбиесі

Сурет Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен алынды

Германияның тәжірибесі атом энергетикасынан бас тартудың салдарын көрсетеді, - дейді сарапшылар Алматыда өткен АЭС құрылысы бойынша қоғамдық талқылауда. 

Алматыда атом электр станциясының құрылысын жария талқылау өтті. Қазақстанда атом энергетикасын дамыту мәселелерін талқылау барысында Германияда атом энергиясынан бас тартудың әсері де қозғалды.

"DEUTSCHE ALLGEMEINE ZEITUNG" Республикалық неміс газетінің бас редакторы Олеся Клименко 2011 жылдан бастап Германия атом энергиясын пайдаланудан біртіндеп бас тарта бастағанын және өткен жылдың сәуір айында соңғы атом электр станциясы жабылғанын атап өтті. Германияның тәжірибесі көрсеткендей, жаңартылатын энергияның белсенді дамуымен де атом энергетикасынан толық бас тарту теріс салдарға әкелетінін көрсетті.

"Бүгінде Германияның көптеген азаматтары, соның ішінде журналистер де қабылданған шешімнің асығыстығына алаңдаушылық білдіруде. Баламалы көздердің дамуына қарамастан, Германия әлі күнге дейін атом электр энергиясын Франция сияқты көрші елдерден сатып алады, онда энергияның 72% атом станцияларында өндіріледі", - деді ол.

Германияның тәжірибесі көрсеткендей, атом энергиясынан бас тарту электр энергиясының қымбаттауына әкеліп соқтырады, бұл көптеген ірі кәсіпорындарды өндірісті басқа елдерге көшіруге мәжбүр етті. Бұл өз кезегінде жұмыс орындарының жоғалуына және салықтың қысқаруына әкелді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394