Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 1597 0 пікір 19 Тамыз, 2024 сағат 18:37

Теледидар арқылы кешірім сұрау қаншалықты заңды?

Сурет Қуаныш Еділхантегінің желідегі парақшасынан алынды

Тв арқылы кешірім сұраудың юридикалық түсіндірмесі бар ма? Осында бірнеше заңгерлер бар, консультация беріңіздерші.

Мысалы, айталық, Тартыпалды деген біреу тв арқылы бүкіл қазақ халқынан кешірім сұрады делік. Қазақ халқы деген соң оған мен де кірем, бірақ мен кешірім бергім келмейді. Жалғыз мен емес, қазақ халқының басым бөлігі кешірімің не, тіпті әлгі Тартыпалдыны көргісі де келмейді делік, сонда не болады? Бұл тек жәй формализм болып шықпай ма? Ендеше сұрап не керек? Мұның сот жазасын жеңілдетуге қаншалықты қатысы бар?

Сондай-ақ сепаратистер ауыздарына келгендерін құсып, артынан кешірім сұрап жазадан құтылып кетіп жатады, ондайдың әлденешеуіне куә болдық. Сонда бұл қалай? Осы процедура заңды ма? Заңды болса ол қылмыстық Кодексте қалай қаралған? Арнайы жүйесі бар ма? Кешіреміз, немесе кешірмейміз деген сияқты қандай да бір реакция болуы керек, оны фиксация жасайтын орган болуы керек шығар? Сондай-ақ президенттен кешірім сұрап құтылып кету ше? Оған сондай құқық берілген бе? Берілмесе ендеше бұрын осылайша құтылып кеткендерді қайта қамау керек шығар? Заңгер емеспін, сондықтан түсініктеме керек.

Қуаныш Еділхантегінің жазбасы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1432
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3198
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5102