Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 1321 0 пікір 21 Тамыз, 2024 сағат 15:01

Адамдық негізі - әйел…

Сурет автордың жеке мұрағатынан алынды

…Адам баласы бір үлгі аларда, ең әуелі шын жүрегімен сүйген кісісінен күштеп алады. Сол сүйген кісісінен сүйіп алған үлгі жүрегіне нық орнайды дейді.

…Біздің ой буынымыз қатпай тұрған бала күнімізде ең әуелі елжіреп сүйетін кісі кім? Ол - анамыз...

Бұлай болғанда біз адамшылығымызға ірге болатын құлықты әкеміз қандай ғалым болсын, қой сауып, тезек теріп жүрген анамыздан аламыз.

…Өмірінде әділет, мархамет, махаббат деген нәрсенің атын естімеген ананың харекеті үй іші мен от басынан, ғайбат өсектен аспаған анадан ақ жүрек, адал ниетті қамқор жан тууы мүмкін бе?

….Әуелі, ана – балаға байлық, барлықтың өзінде болғандағы бағасы, дәмі қандай, өзгеде болғандағы көзге күйіктің пайдасыздығы қандайын үйретеді.

….Ана талқысынан асқанда бала шет жағалап әке ақылына құлақ салады.

Бұған қарағанда адамды хайуандықтан адамшылыққа кіргізген – әйел. Адам баласының адамшылық жолындағы таппақ тарақияты әйел халіне жалғасады.

Сол себепті әйелдің басындағы сасық тұман айықпай халыққа адамшылықтың бақытты күні күліп қарамайды.

Ал, қазақ мешел болып қалам демесең, тағліміңді, бесігіңді түзе! Оны түзейім десең, әйелдің халін түзе!

Мұхтар Әуезов “Адамдық негізі- әйел” (ықшамдалып алынды). 1917 жыл.

Баян Керімбекованың желідегі жазбасы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1433
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3199
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5114