Ғани Бейсембаев: Әр мәселенің артында адам тағдыры тұр
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қызылорда облысында кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу фактісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Abai.kz inform.kz-ке сілтеме жасап.
«Біріншіден бұл мәселенің бәрін жіті анықтау керек. Мен облыс әкімімен бұл сұраққа байланысты тығыз байланыстамын. Және оларға біздің ұстаздарға қатысты жедел шешім қабылдамауды сұрадым. Өйткені бас-аяғын анықтап алу керек. Қазір ішкі істер органдары да бұл мәселеде асығыстық танытпауды айтып отыр. Мен бұл шешіммен келісемін. Сондықтан әр мәселенің артында адам тағдыры тұрғаннан кейін шешім қабылдауда абай болуымыз керек», - дейді Оқу-ағарту министрі елордадағы Тамыз конференциясында.
Еске салсақ, Қызылорда қаласында мектеп оқушылары «сыныптасын секс-құлдықта ұстады» деген күдікке ілінді. Бір топ жасөспірім 16 жастағы қызды қинап ұстағаны, есірткі беріп, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегені туралы ақпарат тарады. Оқушы қыздың ата-анасы жағдайды қоғамдық қорға хабарлаған. Ал, оқушының «секс-құлдықта жүргенін» оның досы анықтаған.
Abai.kz