Сенбі, 23 Қараша 2024
Масқара! 950 1 пікір 22 Тамыз, 2024 сағат 18:00

Астанада жалған тұрғын үй бағдарламаларын ашқан әйел ұсталды

Фото: istockphoto.com

Астаналықтарға жарты млрд теңге шығын келтірген алаяқ 6 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды  Abai.kz Azattyq.ruhy.kz-ке сілтеме жасап.

41 жастағы әйел тұтыну кооперативін тіркеп, салымшыларды компания қызметпен заңды түрде айналысатынына сендірген. Әйел тіпті кеңсені жалға алып, әлеуметтік желіде жарнамаларды белсенді түрде таратқан.

«Алаяқ «Отбасы», «50-де 50», «Тез арада бөліп төлеу» және «Жинақ» деген бағдарламаларды ойлап тауып, сол арқылы тұрғын үй сатып алуға көмектесеміз деп уәде берген. Осылайша, инвесторлар арнайы ашық шотына ақша аударған, ал өз пайдасын көздеген алаяқ бұл активтерді кейбір инвесторлардың есебінен тарату арқылы Астана, Ақмола облысы, Ақтау және Атырау қалаларынан кезекте тұрған басқа инвесторларға баспана сатып әперген. Осылайша ол кезегі келмей қалған 16 салымшыға жалпы сомасы 525 миллион теңгеге жуық материалдық шығын көлемінде зиян келтірілген», - деді Семей қаласындағы қауіпсіздігі барынша төмен мекеме бастығының орынбасары Нұрым Баяхметов.

Сот оны қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сотталған Семей қаласындағы қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде жазасын өтеу үшін келген.

«Онымен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Ол тұрмыс құрмаған, кәмелетке толмаған бір ұлы бар», – деді Нұрым Баяхметов.

 Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364