Жұма, 22 Қараша 2024
Санкция 780 2 пікір 26 Тамыз, 2024 сағат 16:18

Еліміздегі тағы бір компания АҚШ санкциясына ілікті

Фото: azattyq.org

АҚШ қаржы министрлігі Астанада тіркелген CATU TECH компаниясын Мәскеуге Ресейдің Украинаға қарсы соғысы үшін салынған санкцияны айналып өтуге көмектесті деп санкция тізіміне қосты, деп жазды Abai.kz azattyq.org cайтына сілтеме жасап.

Ашық деректерге сәйкес, CATU TECH компаниясы 2022 жылы наурызда, Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін бірнеше апта өткен соң Астана қаласында тіркелген.

Компания сайтында оның негізгі қызметі – электроника шығару және оны жеткізу деп көрсетілген.

"Власть" сайтының  жазуынша, АҚШ санкциясына Ресейдегі, Түркиядағы, Біріккен Араб Әмірліктеріндегі және Қытайдағы бірнеше компания іліккен.

АҚШ сауда министрлігі тағы жүзден аса компанияны санкция тізіміне қосқан. Онда Қазақстан мен Қырғызстанда тіркелген All Global Trading Elektronik Dis Ticaret Ltd Sti атты түрік компаниясының филиалдары бар. Бұл туралы ресми мәлімдеме 27 тамызда жарияланбақ.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1459
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3226
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5282