Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасы ашылады
2025 жылдың соңында АҚШ-қа тікелей әуе рейстерін ашу үшін АҚШ Федералды авиациялық әкімшілігінің (FAA) өкілдері Қазақстанға шолу миссиясын бастап келді. Бұл туралы 2024 жылы 26 тамызда еліміздің Азаматтық авиация комитеті хабарлады.
"ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті, Қазақстанның авиациялық әкімшілігі ҚР-ның АҚШ-тағы елшілігімен, АҚШ-тың ҚР-дағы елшілігімен бірлесіп, Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасын ашу бойынша жоспарлы жұмысты жалғастыруда. Осы жұмыс шеңберінде 26-30 тамыз аралығында ҚР авиациялық билік орындарын бағалау үшін FAA ұшу қауіпсіздігі бойынша халықаралық бағалауға (IASA) техникалық шолу жүргізіледі. FAA мамандарының Қазақстанға келуінің алдында ҚР АҚШ-тағы елшілігімен, АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігімен және FAA-мен бірлесіп, ҚР авиация билігінің тығыз жұмысы өткізілген болатын", делінген хабарламада.
Abai.kz