ҰҒА президенті: «Саясаткерлер академик болмайды»
Бүгін Ұлттық ғылым академиясында жаңа академиктерге диплом табысталды.
Тұсаукесер алдында сөз сөйлеген ҰҒА президенті Ақылбек Күрішбаев: «Біз академия құрамына қоғам белсенділерін, саясаткерлерді және табысты бизнесмендерді қоспаймыз. Сайлау негізіндегі конкурс арқылы ғана академик бола аласыз. Академиктер аз болады, одан көп шығармауымыз керек»,- деді.
Еске салайық, 2022 жылдан бастап Қазақстанда іс жүзінде екі ғылым академиясы жұмыс істейді: бірі – қоғамдық бірлестік, екіншісі – ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясы. Күрішбаев басқаратын екіншісі.
Abai.kz