БАӘ Дуровтың ұсталуына қатысты пікір білдірді
Біріккен Араб Әмірліктері Франция үкіметінен қазір Парижде қамауда отырған Telegram бас директоры Павел Дуровқа консулдық рұқсат беруді сұрады.
БАӘ Сыртқы істер министрлігі өз мәлімдемесінде Біріккен Араб Әмірліктері Францияны Дуровқа "барлық консулдық қызметтерді" ұсынуға шақырып, азаматтарға қамқорлық жасау "бірінші кезектегі міндет" екенін мәлімдеді.
Сондай-ақ, БАӘ Павел Дуров қамауға алынғаннан кейін және оның қамау мерзімі ұзартылғаннан кейінгі әрбір ісі мұқият қадағаланып отырғанын айтты.
- БАӘ Париж-Ле-Бурж әуежайында француз билігі қамауға алған Telegram негізін қалаушы Павел Дуровтың ісін жіті қадағалап отыр. Азаматтарға қамқорлық жасау, олардың мүдделерін қорғау, олардың ісін бақылау және барлық көмек түрлерін көрсету БАӘ үшін басты басымдық, - делінген ведомство мәлімдемесінде.
Дүйсенбі күні Франция президенті Эммануэль Макрон қамауға алу туралы пікірінде "бұл саяси қадам емес, тәуелсіз тергеудің бір бөлігі" деген еді.
Бұған дейін Павел Дуровтың Франциядағы Париж-Ле-Бурже әуежайында Telegram қосымшасына байланысты 12 қылмыстық құқық бұзушылық бойынша басталған сот тергеуі негізінде қамауға алынғаны хабарланған болатын.
Abai.kz