Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2750 0 пікір 13 Ақпан, 2014 сағат 04:36

Қазақ ұлттық кеңесі: Билік «Қазақстан Республикасын» «Қазақ елі» деп өзгерту арқылы елімізді монархиялық билеуге апарғысы келе ме?

Қазақ ұлттық кеңесінің 

«Қазақ елі» туралы

мәлімдемесі

280 миллионнан астам халқы бар бұрынғы Кеңестер Одағында біздің еліміз «Қазақ Республикасы» деп аталды. Егемендік алғаннан кейін  бұл атау «Қазақстан Республикасы» болып өзгертілді. Өкінішке орай, сол жылдары Конституциядан қазақтың мемлекет құраушы ұлт ретіндегі мәртебесі де алынып тасталды. Енді  Қазақстан Республикасы деген атауды «Қазақ елі» деп өзгерткеннен ұтарымыз қайсы?

«Республика» деген сөздің «мемлекеттік құрылыс, мемлекеттік басқару» деген ұғымды білдіретіні айқын. Республика сөзінен ажырасақ мемлекеттік рухымыз құлдырамай ма?

Әдетте, қырық-елу үйден құралған шағын ауыл да «елді-мекен» деп аталады. Әлде, билік «Қазақстан Республикасын» «Қазақ елі» деп өзгерту арқылы елімізді монархиялық билеуге апарғысы келе ме? Немесе Ресейге бодандыққа қайта бейімделеміз бе?

Осының бәрін ескере келе, Халық өкілдерінің Құрылтайы құрған Қазақ Ұлттық Кеңесі «Қазақ Республикасы» деген атауды ғана қолдайтынын мәлімдейді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5576