Бейсенбі, 22 Қазан 2026
Қылмыс 2761 0 пікір 28 Тамыз, 2024 сағат 16:56

Қызылорда: 1,5 тоннадан астам есірткі тәркіленді

Фото: Қызылорда облысының прокуратурасы

Қызылорда облысында есірткі егумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Қызылорда облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, биыл Қызылорда облысы прокуратурасының үйлестіруімен Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері 2022-2023 жылдар аралығында Қызылорда облысы аумағында есірткі заты марихуананың голландиялық түрін өсірумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топты құрықтады.

Тергеу барысында салмағы 1,5 тоннадан астам есірткі заты алынып, 3 есірткі алқабы жойылды.

Сот санкциясымен қылмыстық топтың 22 белсенді мүшесі қамалды.

«Тергеу аяқталды. Іс құжаттарымен танысу процесі жүргізілуде»,-делінген хабарламада.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1147
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1599