Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 1807 7 пікір 2 Қыркүйек, 2024 сағат 15:49

Қарапайым жұмысшының мәртебесін көтеру керек!

Фото ашық дереккөзден

Ауыл шаруашылығы саласында жеңілдетілген несие беру мәселесін қарастыруы керек. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин мәлім етті.

«Банктер ауыл шаруашылығы бағытына қатысты жеңілдетілген несие беру мәселесін қарастыруы керек. Мәселен, Парламент депутаттары Агробанк құру керек екенін біраздан бері айтып жүр. Өзім де осы идеяны қолдаймын», - деді Е. Жаңбыршин.

Сонымен қатар депутат Жолдау аясында жұмысшылардың мәртебесін көтеру тақырыбына тоқталды.

«Жұмысшы мамандықтардың мәртебесін көтеруді өте дұрыс деп есептеймін. Қажет болса, тиісті заңдарға өзгеріс енгізуге болады. Бұл ретте, «Мемлекеттік наградалары туралы» Заңға өзгеріс енгізілуі мүмкін. Жалпы, қарапайым жұмысшының мәртебесі көтерілмесе, онда өндірісті де, ауыл шаруашылығын да дамыту қиынға түседі. Сондықтан Президенттің көтерген ұсыныстары маңызды деп ойлаймын», - деді депутат.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5375