Сейсенбі, 17 Қыркүйек 2024
Қылмыс 603 0 пікір 3 Қыркүйек, 2024 сағат 15:28

Алматы облысында бала саудалаған күдікті құрықталды

Фото: Polisia.kz

Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы Бауржан Әленов өзінің Facebook желісіндегі парақшасында бала саудасымен айналысқан күдікті ұсталғанын хабарлады.

Облыстық полиция департаменті бастығының айтуынша, 25 тамызда әлеуметтік желіде кәмелетке толмағандар мен жаңа туған сәбилерді заңды түрде асырап алуға көмектесетін топ туралы жедел ақпарат түскен.

- 28 тамызда осы жедел-іздестіру іс-шаралары барысында іске күдікті 38 жастағы Қызылорда облысының тумасы ұсталды. Кәмелетке толмағандарды сату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, - деп жазды полиция бастығы.

Abai.kz

0 пікір