Жексенбі, 6 Қазан 2024
Қоғам 1577 1 пікір 5 Қыркүйек, 2024 сағат 15:40

Харассмент туралы депутат не дейді?

Фото:https: anatili.kazgazeta.kz

Қоғамдағы харассмент мәселесі заңға норма болып енсе, оны жазалауда жан-жақты тергеу және тексеру керек. Бұл туралы сенат депутаты Әлішер Сатвалдиев мәлім етті, деп хабарлайды Abai.kz  Azattyq-ruhy.kz-ке сілтеме жасап.

«Менің жеке пікірім, ойым, тұжырырым - қазақы ортадағы тәрбиеміздің арқасында мұндайға бармауымыз керек. Бұл жерде басты мәселе – адамның тәрбиесі мен ішкі жігері. Ішіндегі тәрбие мықты болуы керек. Отбасыда жас кезімізден сол нәрсені бойымызға сіңіру керек. Әрине, батыс  өркениеті мен ғаламданудың бір белгісі ретінде оны заңға енгізу мәселесі керек. Бірақ оны асыра сілтеудің қажеті жоқ деп ойлаймын», - деді ол журналистердің сұрағына жауап бере отырып.

«Егер харассментке қарсы норма күшіне еніп жатса, күлімдеп қараған кез келген адам жазаланып кетуі мүмкін деп ойлайсыз ба?» деген сұраққа депутат бұл мәселеде ұқыпты болу керек деген пайымын жеткізді.

«Бұл мәселеде ұқыпты болу керек. Біреуді қаралағаннан кейін жала жабу болуы мүмкін. Бұның бәрін құқық қорғау органдары айғақ арқылы дәлелдеуі керек», - деді ол.

Abai.kz

1 пікір