Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 1413 3 пікір 5 Қыркүйек, 2024 сағат 15:55

Қоғамның ашық саналы философиясы

Сурет автордың парақшасынан алынды.

Қазақтың дүниетаным жүйесі ашық сана түрі.

Ғасырлар бойы көшпелі шаруашылықпен айналысқан және Ұлы жорықтар жасаған номадтар үнемі, тіптен, күнделікті жаңа құбылыстарға, оқиғаларға тап болады.

Олар соған сай үнемі шұғыл шешім қабылдаулары тиіс еді...Бұл - өмір сүрудің шарты.

Сондықтан, қазақ халқының дүниетанымы үнемі жаңалыққа құмар, ізденуге негізелген, жағдайға байланысты жалғыз ғана ақиқатты (объективті) шешім қабылдауға дайын таным формасы болып қалыптасқан.

Біз оны халықтың бойында әлі күнге дейін сақталған еліктегіштік, қызығушылық, өз ойын айтуға ынталылық, қарсы пікірге құмарлық, өзге дүниені тез қабылдау сияқты мінездерден байқаймыз...

Иә, кей жағдайда халқымыз осы мінезден зардап шегіп жатады. Халықтың осы мінезін диктаторлар, дүниеқоңыз қулар, алаяқтар, екіжүзді саудагерлер, өтірікшілер және т.т. азғындар өз пайдасына қолданып кетуі жиі кездеседі...

Соған қарамастан, Қазақ осы "Ашық сана" формасын жоғалпады - жоғалтпауы да керек.

Өйткені, қоғамда тек қана "АШЫҚ САНА" қоғамды ғылым мен білімге жетелей алады...

Қазақ Елі үшін ең маңыздысы осы!

Себебі, Халық сол арқылы тез арада Диктаторды таниды, оны қуады. Алаяқты анықтайды оны әшекерелейді. Саудагерді сабасына келтіреді. Өтірікшіні жексұрын етеді.

Ал, Халық осының бәріне тек білім мен ғылымға бейім "Ашық санасы" болғанда ғана қол жеткізеді...

Өз кезегінде, Ғылым мен Білім Ел мен Жерге қызмет етіп, халықтың күшті мемлекетін құруына әкеледі.

Қазақ осылайша ғана өз қиялындағы ЖЕРҰЙЫҚҚА жетеді.

Ел әлемдік технологиялық процесске тікелей қатысуда және онымен бетпе бет келуде.

Олай болса, қазақ халқының санасының ашықтығы ол процестің бізге енуіне айқара жол ашады.

Қоғамда МЕКТЕП САНЫ КӨБЕЙІП, "жабық сана" формасындағы мешіт азаяды...

Ол үшін білімді мен ғылымды игерген жастар Қоғам өмірінің бар саласында ФАВОРИТТЕРГЕ айналып, өзгелерді қызықтыратын, үлкен әлеуметтік топқа айналуы тиіс...

Со кезде, догмалық "жабық санамен" шектелген,білім мен ғылымды басты құндылық санамайтын үлкен "аутсайдерлік топ" өз көзқарастарын қайта қарап, өзгере бастайды...

Оларды реттеуші күш ФАВОРИТТЕР МЕН АУТСАЙДЕРЛЕР арасындағы бәсекелестік:

- оларды өмір сүру деңгейі арасындағы айырмашылықтың басымдығы Фавориттер жағына өтуі,

- білімді ғылымды жастардың қоғамда құрметінің артуы,

- олардың әлемдік коммуникацияда өздерін еркін сезінуі,

- өз Мемлекетінің қуатының артуына практикалық нақты әрекеттер жасай алуы,

- Ұлттық тәрбиеленіуі,

- өз тарихын құрметтеуі,

- өз Ұлты мен Отанын айқын сезінуі,

- таза қазақы тәрбиесінің және тілінің болуы үлкен роль атқарады.

Қазір қоғам осы үшін күресуде.

Кедергілер аз емес.

Олар: тоталды коррупция (Диктаторлық жүйенің отыз жыл бойы құрған мемлекеттік басқару институты), тоқырауға ұшыраған білім беру жүйесі, қоғам мінезінің өзгеріп, өздерін әлемдік бәсекелестік субъектісі сезінбеуі, Мемлееттігін жан дүниесімен қабылдай алмауы.

Осы отқа май құйып жатқан сепаратистік пиғылдағы және діни догматизмнің әлі де өршіп тұруы...

Алайда, осыған қарсы күрес қазір мектептерге жетті, балабақшаны да қамтуға әрекет етіп жатырмз.

Білім беру мен Ғылым сапасын арттыру үнемі саясаттың алғы шебінде.

Идеологияның алғашқы Ұлттық қалыбы қайшылықты жағдайда қалыптасу үстінде...

Егер, еліміз форс мажорлық жағдалардан аман есен өтіп, өз даму бағытына қол жеткізсе ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫНЫҢ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ПОТЕНЦИАЛЫ ОҒАН ДАЯР.

АШЫҚ САНА ФОРМАСЫ ДЕГЕНІМІЗ ОС!

Әбдірашит Бәкірұлы, философ

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1432
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3198
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5110