Жексенбі, 13 Қазан 2024
Жөн-ақ 881 0 пікір 6 Қыркүйек, 2024 сағат 14:34

Жамбыл облысы: 2,7 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Фото: ntime.kz

Жамбыл облысында прокурорлар пайдаланылмай жатқан жалпы көлемі 2 710 гектар болатын 5 ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін мемлекетке қайтарды. 

Жер учаскелерінің жалпы кадастрлық құны 15 млн теңгеден асты.

Прокуратураның мәліметінше, 2022 жылы жергілікті атқарушы орган ауданда жұмыс істемейтін серіктестікке жер учаскелерін берген.

Прокурорлық қадағалау актісі нәтижесімен жер мемлекеттік жер қорына қайтарылып, ауылдық округтердің тұрғындарына мал жаюға берілді. Осылайша жайылым тапшылығы мәселесі азайды.

Abai.kz

0 пікір