Жексенбі, 13 Қазан 2024
1032 1 пікір 6 Қыркүйек, 2024 сағат 17:25

Халықаралық іздеудегі 3 тұлға сотталды

Сурет: Астана қаласының прокуратурасы

Прокуратура органдарының бағыттарының бірі халықаралық-құқықтық ынтымақтастық саласы болып табылады.

2023 жылдың қаңтар айынан бастап бүгінгі күнге дейін елордада қылмыстық құқықбұзушылық жасаған 8 қылмыскер экстрадицияланды.

Қазіргі таңда экстрадицияланғандардың үшеуі сотталды.

«Telegram» қосымшасын пайдалану арқылы «мефедрон» психотроптық затын ірі көлемде заңсыз сатқаны үшін іздеудегі қылмыскер 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол 2 жыл бойы іздеуде болған.

Екінші айыпталушы қаржылық пирамида құрып, оған азаматтардан заңсыз үлестік жарналар алғаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Келтірілген шығын 85 млн теңгеден астам.

Үшінші қылмыскер аса ірі мөлшерде бөтен мүлiктi талан-таражға салғаны үшін 7 жылға сотталды.

Елорда прокуратурасы халықаралық-құқықтық ынтымақтастық саласында құқық қорғау және мемлекеттік органдарды тұрақты негізде үйлестіреді.

Астана қаласының прокуратурасы

Abai.kz

1 пікір