Дүйсенбі, 28 Қазан 2024
Дабыл 581 0 пікір 9 Қыркүйек, 2024 сағат 15:21

ТЖМ: Жыл басынан бері 200-ге жуық адам өрттен қаза тапты

Фото: ТЖМ

Жыл басынан бері елімізде 6700 астам өрт болды. Бұл туралы Өртке қарсы қызмет комитетінің бас маманы Елдос Зияда айтты.

Жыл басынан бері елімізде 6700 астам өрт болды. Былтыр 7500-дей өрт шыққан болатын. Биыл бұл көрсеткіш 21 пайызға төмен. Биыл 8 айда өрттен 197 адам қайтыс болды. Былтырғы мәліметке сүйенсек, өрттен 244 қаза болған еді. Мұнда да өлімнің төмендегенін көреміз, - деді Зияда ведомствода өткен брифингте.

Маманның сөзінше, республика бойынша жер үйлерде өрт жиі кездеседі. ТЖМ дерегінше, Астанада 8 айда 447 өрт дерегі тіркелген.

Көбіне жылыту маусымы кезінде болады. Өрт үйдің пешіне және тоққа байланысты шығуы мүмкін. Стастистиканы қарасақ, еліміз бойынша өрт жер үйлерде жиі болады, - деді Өртке қарсы қызмет комитетінің бас маманы.

Abai.kz

0 пікір