Дүйсенбі, 28 Қазан 2024
Жаңалықтар 509 0 пікір 10 Қыркүйек, 2024 сағат 11:51

Келесі Көшпенділер ойындары Қырғызстанда өтеді

Фото:worldnomadgames.kz

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2026 жылы Қырғызстанда өтеді. Бұл туралы Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі Алтынбек Мақсұтов мәлім етті.

Басқарма басшысы Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қырғыз спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп жатқанын атап өтті.

«Сіздермен жақсы жаңалықты бөліскім келеді. Қырғызстаннан бастау алған Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2026 жылы туған жерінде өтеді», — деді ол.

Екі жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 14 алтын, 3 күміс және 8 қола медаль жеңіп алып, медальдар тізімінде көш бастады.

Қырғызстан 14 медаль, оның ішінде 3 алтын, 7 күміс және 4 қола медальмен екінші орында.

Abai.kz

0 пікір