Атырау әуежайы: Құрылысқа 24 млрд теңге бөлінеді
Катарлық инвестор Атырау әуежайының құрылысына 24 млрд теңге бөлмек. Құрылыс 2025 жылы басталып, 2026 жылы аяқталмақ.
Жаңа әуежай кешенінің ауданы – 16 500 шаршы метр. Әуежайда үш жаңа телескоптық көпір орнатылады.
Көлік министрлігінің мәліметінше, эскиз бойынша ғимараттың негізгі қасбеті шығыс мәдениеті стилінде жасалады. Ғимараттың платформаға қарайтын қасбеті батысқа қарай бағытталып, батыстық стильде жасалады.
Abai.kz