Түркі мемлекеттері ұйымының министрлері бас қосты
Іс-шараға ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов, Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Өмірәлиев, сонымен қатар Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Түрікменстанның салаға жауапты министрлері мен өкілдер қатысты.
Жиында сөз сөйлеген Евгений Кочетов Түркі мемлекеттерінің ұйымы халықтардың бірлігі мен бауырластығының символы екенін, бұл бауырластықты сақтауда және нығайтуда жастар шешуші рөл атқаратынын атап өтті.
– Бойында еңбекқорлық, білім алуға ұмтылысы бар, адамның қадір-қасиетінің мәнін терең түсінетін және ата-баба дәстүрлерін құрметтейтін жастар – біздің ортақ үмітіміз. Түркі елдерінің ынтымақтастығын нығайту мақсатында жыл сайын кезекпен Қазақ-Түрік жастар көпірі өтеді.
Келесі 2025 жылы Түркі мемлекеттері ұйымының жас көшбасшылар, жас кәсіпкерлер форумдарында, жастар платформасында, сондай-ақ көпжақты жастар алмасу бағдарламасында ТМҰ-ға қатысушы елдердің жастарын қабылдауға қуаныштымыз, – деді Евгений Кочетов.
Жиында спорт саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға, жастар саясаты мен спорт саласындағы жаңа жобаларды дайындауға негіз болатын пікірлер мен тәжірибелер ортаға салынды.
Abai.kz