Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 984 1 пікір 11 Қыркүйек, 2024 сағат 20:17

«Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі Д.Васильевтің ұсталуына қатысты пікір білдірді

Фото: "Ақ жол" ҚДП

Өткен аптада 2023 жылы Ұлттық гвардияның лауазымды тұлғасының пара алуы ісі бойынша ҰҚК "Ақ жол" партиясы төрағасының орынбасары Дмитрий Васильевті ұстағаны туралы бейресми ақпарат тартқан еді. Бүгін "Ақ жол" ҚДП баспасөз қызметі осы оқиғаға қатысты пікір білдірді.

Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенді күрес жүріп жатыр, «Ақ жол» демпартиясы бұл жұмысты қолдап, жемқорлықсыз Қазақстанды құруға барын салуда.

Апта сайын дерлік шенеуніктер мен олардың сыбайластарының тұлғалардың ұсталғаны туралы хабарлар жарияланғанымен, әдетте олардың партияларға қатыстылығына ешкім назар аудармайды. Ал, дәл осы мәселеде ақпарат саяси тұрғыдан көрсетіліп берілген, алайда, бұл қамауға алудың Д.Васильевтің партиядағы қызметіне еш қатысы жоқ.

Д.Васильев шынымен де партия төрағасының ірі бизнеспен жұмыс жөніндегі орынбасары. Ол түрлі салада бірнеше жобаны жүзеге асырып жүрген ірі кәсіпкер әрі инвестор.

Ол партияда қоғамдық (штаттан тыс) жұмыс істеп, тек ұйымдастыру шараларына келетіндіктен, бізде оның партиядан тыс іскерлік қызметі мен ұсталуының мән-жайы туралы толық мәлімет жоқ.

Жоғарыда аталған хабарламалар пайда болған соң, өткен жұмада (6.09) партия төрағасы мән-жайды түсіндіріп, Д.Васильевтің адвокатының мәліметтерін беруді сұрап, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ресми сауал жолдады.

Кеше (10.09) оның ұсталу фактісін растайтын жауап келіп, адвокаттарының мәліметтері берілді.

Біздің заң қызметіміз шағымдардың мәнін түсіну үшін жақын арада олармен байланысады (әзірше, мұндай шаралар жауапсыз қалып отыр).

Құқық қорғау органдарының сыбайлас жемқорлықты жою жөніндегі жұмысын түбегейлі қолдай отырып, кез келген құқық бұзуға қарсы күресте әділдік пен құқықтық мемлекет қағидаттарын басшылыққа алу маңызды деп есептейміз.

Атап айтқанда, құқықтық мемлекеттің маңызды принципінің бірі – кінәсіздік презумпциясы – тұлға оның кінәсі заңды күшіне енген сот шешімімен дәлелденбейінше кінәсіз саналады (ҚР Конституциясының 77-бабы).

Сонымен қатар, әзірше нақты ешбір ақпарат болмаса да, бірқатар фактілерді түсіну қажет. Мысалы, Д. Васильевке ҚР ҚК 367 бабы тағылып отыр (лауазымды тұлғаға пара беру), алайда, бізге нақты мән-жайлар белгісіз, мысалы, Д.Васильев пара алудың бастамашысы болды ма, әлде, керісінше, тұлғаның бопсалау құрбаны ма?

Бұл жайттың шешуші маңызы бар, себебі сол ҚР ҚК 367-бабына сәйкес «Пара берген адам, егер оған қарсы пара бопсалау орын алса, қылмыстық жауапкершіліктен босатылады».

Әрине, қамауға алу фактісінің өзі тергеу тарапынан Д.Васильевке қатысты маңызды талаптың бар екенін көрсетеді.

Бұл ретте биыл көктемде «Ақ жол» фракциясының депутаттық сауалынан кейін, Қарағанды облысындағы АО "Қазтеміртранс" шенеуніктеріне бірнеше жыл бойы пара беруге мәжбүр болған 15 кәсіпкер айыптауға қарамастан, Қылмыстық кодекстің дәл осы бабының негізінде сот залында босатылғанын мысал ретінде келтіруге болады  (https://t.me/peruash/11056 ).

Өзге де бізге белгісіз жағдайлар болуы мүмкін, сондықтан, Д.Васильевке қатысты жағдай адвокаттарының мәселені егжей-тегжейлі зерттеуін талап етеді, олармен жақын арада байланысамыз деп үміттенеміз.

"Ақ жол" демпартиясы тағылып отырған айыптаудың ауырлығын ескере отырып, Д.Васильев ісі бойынша тергеу мен соттың барынша ашық болуына мүдделі.

Алайда, ҰҚК жауабында айтылғандай, бұл іс бойынша ақпарат алуға белгілі бір шектеу бар.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1474
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5446