Бейсенбі, 19 Қыркүйек 2024
Спорт 712 0 пікір 12 Қыркүйек, 2024 сағат 16:10

Олимпиадаға бөлінетін қаржы азая ма?

Фото:pixabay

Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы Олимпиада резервіне бөлінетін бюджет қаржысы азаятынын айтты, деп хабарлайды Abai.kz Azattyq-ruhy.kz-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Париж Олимпиадасынан кейін туризм және спорт министрлігі осындай бастама көтеріп отыр деген ақпарат бар.

«Бүкіл министрлікке 200 млрд теңге бөлінген. Оның ішінде туризм, ұлттық университетті ұстау тағы басқалары кіреді. Туризм және спорт министрлігі шынымен бұл бастаманы көтеріп отыр. Менде бар ақпарат бойынша, олар әлі барлық спорт түрлерін атамады, бірақ жоғары нәтижелі спорттарды анықтайды», - деді ол.

Бейсенбекұлы хабарлағандай, туризм министрлігінің спорт бағытына биыл 55 млрд теңге бөлінсе, 2025 жылы 60 млрд теңге бөлінбек.

Abai.kz

0 пікір