Алматы облысының жастары ел тұрғындарын 6 маусымда өтетін референдумға шақырды. Қонаев қаласының жастары көшедегі адамдарға өздерінің ой-пікірлері маңызды екендерін естеріне салды.
Атом электр станцияларын салу туралы 15 мыңға жуық парақшалар ерекше, креативті түрде таратылды, деп хабарлайды Аbai.kz Todayinfo -ға сілтеме жасап.
«11 қыркүйек күні таңертең қала көшелермен аймақтың рәміздері - алма, қызғалдақ және қар барыстарын бейнелейтін костюмдер киген жастар жүріп өтті. Қатысушылардың әсерлі музыкасы мен жағымды энергиясы барлық жастағы адамдардың назарын бірден аударды. «Біз тұрғындардың алдағы референдумға шынымен назар аударуын қаладық»,-деді Жастар орталығының жетекшісі Мақсат Кенешев.
Жастар елдің әрбір тұрынының пікірі, шешімі аймақ пен елдің болашағы үшін маңызды деп санайды. Акция тұрғындардың қызығушылығын тудырды, көбісі шығармашылық кейіпкерлермен суретке түсу үшін тоқтап, референдум және атом электр станциясының құрылысы туралы сұрақтар қойды.
«Ақпарат берудің бұл форматы әсіресе жастарды қатты қызықтырды. Осындай қызықты акциялар көбірек болады деп үміттенемін, өйткені референдумда таңдау жасап, пікір білдіру барлығы үшін өте маңызды», - деді Қонаев қаласының Айжан есімді тұрғыны.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша референдум 2024 жылдың 6 қазанында өтеді.
Abai.kz