Сенбі, 19 Сәуір 2025
Алаң 1534 1 пікір 16 Қыркүйек, 2024 сағат 15:34

Владимир Зеленский соғысты тоқтату жоспарымен бөлісіті

Фото: rbc.ru

Украина президенті Владимир Зеленский қыркүйектің соңында АҚШ президенті Джо Байденмен кездесуде таныстыратын жоспары төрт кезеңнен тұрады деп жазды Abai.kz Азаттық радиосына сілтеме жасап.

Оның сөзінше, бұл жоспар Ресеймен соғыста Украинаға жеңіс әкелуге тиіс.

Зеленский жоспарының жай-жапсарын айтқан жоқ, тек негізгі тұстарына ғана тоқталған. Оның сөзінше, бірінші кезеңі – қауіпсіздік, екіншісі – Украинаның геосаяси орны, үшіншісі – "өте қуатты әскери қолдау", төртіншісі "экономикалық қолдауға" байланысты.

Ресей президенті туралы айтқан Зеленский Батыс елдері мен олардың одақтастары "бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып" бірлік танытпаса, Путин және соған ұқсас тұлғалар "әлемді бөліске түсіру ниетінен" танбайтынын жеткізген.

Зеленскийдің болжамынша, Путин шетел қысымынан гөрі, Ресейдің өз ішіндегі қоғам қарсылығынан қатты қорқады.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2036
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4893
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4092