Сейсенбі, 29 Сәуір 2025
1424 0 пікір 16 Қыркүйек, 2024 сағат 19:07

Алматыда қысқаметражды деректі фильмдер байқауы өтті

Сурет: Алматы қаласы Қоғамдық даму орталығы

Алматы қаласы Қоғамдық даму орталығының бастамасымен 2024 жылғы 11 қыркүйек күні жас таланттарға шабыт беретін «Театр және кино өнерінің ұлы тұлғалары» туралы қысқаметражды деректі фильмдер байқауы өтті.

Жобаның мақсаты - өнердің қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан қазіргі заманғы қазақ киносы мен театрының белгілі қайраткерлерінің шығармашылығын дәріптеу.
Бұл шара талантты, бәсекеге қабілетті жастарды анықтау және қолдау, олардың шығармашылық әлеуетін ашу және жас авторлардың өзін-өзі танытуына бағытталған.

Іс-шара аясында 6 номинация қарастырылды:
* Үздік деректі фильм
* Үздік режиссура
* Үздік сценарий
* Үздік монтаж
* Үздік операторлық жұмыс
* Кинотанушылар мен киносыншылар сыйлығы номинациялары бойынша марапаттау рәсімі өтіп, байқау жеңімпаздарына бағалы сыйақылар табысталды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2436
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 5381
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4655